Таулы аймақта экологиялық патруль ұйымдастырылды

04 тамыз, 18:31

Фото: polisia.kz

Алматы қаласы аумағында “Таза Қазақстан” республикалық жедел-алдын алу шарасы жалғасуда

Алматы, NEGE.  Мобильді топтардың құрамына экологиялық полицияның қызметкерлері, Медеу ауданы әкімінің жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және экология департаменті, Экология департаменті және жұртшылық өкілдері кірді. Тағы бір рейд Бутаковкада өтті, нәтижесінде қоқысты жағып жатқан Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Ол өзінің заң бұзғандығын бірден мойындады. Нәтижесінде, ҚР ӘҚбК-нің 505-бабына сәйкес құқық бұзушылық негіздері бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз азаматтарды табиғатты аялауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ұлан Әбілқайыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации