Тәулік ішінде 1090 адам карантинделді

14 наурыз, 12:39

Фото: instagram.com

Қазақстанда 1 090 адам стационарлық карантинде жатыр. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні елімізде коронавирус тіркелуінің 6 оқиғасы расталды. Оның 4 оқиғасы Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Стационарлық карантинде 1 090, үй карантинінде 452 адам жатыр. Бұған қоса, ҚХР мен көршілес мемлекеттерден келген азаматтарды мониторингілеу жалғасуда», – делінген ақпаратта.

«Қазіргі уақытта 116 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 «Б« санаты бойынша - 31, 2-санат бойынша - 42, 3-санат бойынша - 43 адам. Ауруханаға жатқызылған 116 адамның 62-сі шықты. Стационарда 54 адам жатыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына орай, аталған пациенттер бекітілген алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылған. Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және зарарсыздандыру шаралары қабылдануда. Айта кетерлігі, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында тұр», – дейді ведомство.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации