Тараз: 69 жастағы тұрғыннан коронавирус анықталды

03 сәуір, 07:42

Фото: ғаламтордан алынды

 Жамбыл облысында коронавирус дертін жұқтырған жаңа жағдайға қатысты мәлімет жарияланды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлайды.

Алматы, NEGE. Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облысында коронавирустың алтыншы дерегі тіркелді. «Науқас Тараз қаласының 69 жастағы тұрғыны. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы»,-деп жазылған ведомство хабарламасында. Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации