Тағы жеті адам...

25 наурыз, 12:10

Фото: almaty.tv

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан бойынша таңы жеті адамның дерт жұқтырғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. «Коронавирус жұқтырған тағы жеті адам анықталды. Оның екеуі – Алматыда, бес адам – Нұр-Сұлтанда» делінген министрліктің хабарламасында.

Осылайша, бүгінгі күні Қазақстанда дерт жұқтырғандардың саны 79-ға жетті. Бұған дейін Шымкент қаласында, Жамбыл облысында және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір адамнан қауіпті дерттің белгілері анықталған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации