Тағы бір ұшақ құлады

22 қыркүйек, 19:32

Фото: google.com

Тверская облысында сейсенбі күні Су-30 истребителі жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізіп жатқанда апатқа ұшырап, ұшақ экипажы катапульталанды, деп хабарлайды ТАСС.

Алматы, NEGE. «22 қыркүйекте Тверская облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізіп жатқан Батыс әскери округінің Су-30 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж сәтті катапульталанып, жерге қонғаннан кейін ұшқыштар байланысқа шықты», – делінген хабарламада.

Округ мәліметі бойынша, қазіргі уақытта экипаж мүшелері эвакуацияланды. Мәлімет бойынша, истребитель орманды жерге құлаған.

«Ұшақ орманды жерге құлады. Жерде ештеңе қираған жоқ», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай себептерін анықтау үшін ұшақтың құлаған орнына арнайы комиссия шықты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации