Тағы бір адам көз жұмды

04 сәуір, 19:41

Фото: bbc

Бүгін COVID-19 індетінен Ақмола облысында бір адам көз жұмды. Сонымен Қазақстанда вирустан қаза болғандардың саны 5-ке жетті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сүлен Ілиясов брифингте былай деді: «Бүгін тағы бір адам көз жұмды. Көз жұмғаннан кейін ғана вирус жұқтырғаны анықталды. Ол 1947 жылы Целиноград ауданында туған. «Дисциркуляторлы энцефалопатия» диагнозымен тіркеуде тұрған. 1 наурызда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Тынысы тарылып, қан қысымы көтерілген. 2 сәуірде көз жұмды. Марқұмның денесі Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіліп, сот-медициналық сараптама жасалды. Сараптама нәтижесінде COVID-19 вирусы анықталды».

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстан бойынша 525 адам вирус жұқтырып, 5 адам көз жұмды. 36 адам емделіп шықты.   

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации