Тағы 6 адам коронавирус жұқтырды

04 сәуір, 23:20

Фото: ғаламтордан алынды

Қазақстанда тағы 6 адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Алматы, NEGE. "Қазақстандағы 2020 жылғы 4 сəуір сағат 22:45-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы - 3, Қызылорда облысы - 2, Жамбыл облысы - 1", - делінген хабарламада.

Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 531 жағдай тіркелген. Олардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 219,

Алматы қаласы – 110,

Қызылорда облысы – 30,

Қарағанды облысы – 27,

СҚО – 25,

Түркістан облысы – 23,

Атырау облысы – 22,

Ақмола облысы – 20,

Шымкент қаласы – 13,

Жамбыл облысы – 11,

Алматы облысы – 10,

Ақтөбе облысы – 10,

ШҚО – 4,

БҚО – 2,

Маңғыстау облысы – 3.

Павлодар облысы – 1,

Қостанай облысы – 1.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации