Тағы 2 қазақстандық емделіп шықты

29 наурыз, 22:45

Фото: facebook.com

Қазақстанда тағы 2 науқас коронавирустан айығып кетті. Жалпы 20 адам сауығып кетті: 13 Нұр-Сұлтанда, 7 Алматыда.

Алматы, NEGE. Бүгін Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас емделіп шықты.

Науқастың бірі, әйел адам, Франкфурт – Нұр-сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі Мәскеу – Алматы рейсімен келген екен. Індет жұқтырғандар тиісті ем-дом шараларын алды.

Бұдан былай екі науқас та медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации