Маңғыстаулық тұрғыннан вирус анықталды
27 наурыз, 19:17

Нұр-Сұлтан қаласында тағы 9, Маңғыстау облысынан 1 адамнан коронавирус анықталды.
Алматы, NEGE. coronavirus2020.kz сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, 27 наурыз, сағат 19-05-тегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 135-ке жеткендігі хабарланған.
Олар: Нұр-Сұлтан қаласында – 69
Алматы қаласында – 48
Қарағанды қаласында – 4
Шымкент қаласында – 2
Ақмола облысы – 1
Алматы облысында – 1
Ақтөбе облысында – 1
Атырау облысында – 3
Жамбыл облысында – 3
Павлодар облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 1
Маңғыстау облысы – 1