Студенттер жатақханаға зәру

19 ақпан, 18:40

Фото: http://pavlodarnews.kz/

Екі облыста 2019 жылы студенттер жатақханасына бірде-бір орын қосылмаған, деп хабарлайды ҚазТАГ мәжіліс депутаты Жамила Нұрманбетованың мәлімдесіне сүйене отырып.

Алматы. NEGE. «Солтүстік Қазақстан облысында өңірдегі 3 мың орын жетіспеушілігіне қарамастан (студенттер жатақханасында – ҚазТАГ) бірде-бір орын енгізілмеген. Осыған ұқсас жағдай Қостанай облысында да бар, бұл жерде 2,5 мың орынға қажеттілік бар», – деді Нұрманбетова сәрсенбіде мәжілістегі алқа отырысында.

Оның айтуынша, жыл сайын «Серпін» бағдарламасы бойынша ең алдымен жатақханаға мұқтаж орта есеппен 3,5 мыңнан астам адам грант алады. Әсіресе бұл еліміздің солтүстік шекаралас облыстарына қатысты, себебі бұл жобаның мақсаты оңтүстік және солтүстік өңірлер арасындағы демографиялық, экономикалық дисбалансты шешу болып табылады.

Депутат мемлекеттік ЖОО-лар мен колледждер жанынан жаңа жатақхана құрылысы үшін жеке инвесторлар тарту жұмыстарын жандандыруды, әсіресе еліміздің солтүстік өңірлерінде, мүдделі органдар мен құрылымдар үйлестігін қамтуды, құрылыс жүргізушілермен шарттар мен келісімдер жасау рәсімдерінің ұзаққа созылу тәжірибесінің алдын алуды және бюджеттік қаржының мақсатты қолданылуын қамтамасыз етуді ұсынды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации