Студенттер қашықтықтан оқиды

12 наурыз, 12:57

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.Наурыздың 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне дайындалып жатыр. «Колледждер мен ЖОО-лар онлайн оқуға көшеді. Көптеген оқу орнының қашықтықта оқу бойынша тәірибесі бар. Сондықтан ол жағынан мәселе туындамайды. Classroom, Google секілді платформалар бар», – дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазір әлемнің 18 елінде 855 студент «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. «А» және «Б» категориясындағы елдерде оқитын студенттер де қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен. «А» категориясындағы елдегі 19 студент қайтам десе өзі біледі»,  деді министр. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации