Солтүстікті су алды

03 сәуір, 18:10

Фото: Kazaknews.kz

Қызылжар өңірінде көктемгі су тасқыны басталды. Бір тәулікте Сергеев су қоймасының деңгейі 27 сантиметрге көтерілген. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәліметінше әсіресе Ғабит Мүсірепов, Айыртау аудандарында қауіп күшті. Соңғы тәулікте жергілікті Мұқар өзенінің деңгейі 1,5 метрге көтерілген.

«Биыл көктем жайлы мінез танытып тұр. Өңірдегі ылғыл қоры булану мен топыраққа сіңудің есебінен 30 пайызға азайды. Біраз ауылдарды су басу қаупі жойылды. Дегенмен, өңір аумағының 80 пайызында әлі қар жатыр», - дейді СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасарыы Серік Наурызбаев.

10 жолдың аумағын су шайған. Соның кесірінен қозғалыс шектеліп отыр.Мамандардың болжамынша Сергеев қоймасынан тасыған су екі апта ішінде Петропавлға жетеді. Облыс орталығында су тасқынына дайындық шаралары жүргізіліп, тұрғындарды эвакуациялауға
арналған бірнеше пункт ашылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации