СҚО: Кезекші сыныптарда коронавирус анықталды

25 қыркүйек, 17:59

Фото: ғаламтордан

Солтүстік Қазақстандағы 8 білім ошағында вирус жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді.

Алматы, NEGE. Атап айтсақ, №44, 10 және Смирнов ауылындағы орта мектептерде, «Бест» гимназиясында және «Булаев балабақша кешені» мен сондағы орта мектептегі кезекші сыныптарда бір-бір жағдайдан анықталды. Сонымен қатар Ленин атындағы орта мектепте екі және «Дарын» мектеп-лицейінде 4 жағдай тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады. Жоғарыда аталған білім орындарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді, ал ауру белгісі бар адамдардың барлығы 14 күнге оқшауланды. Сонымен қатар ведомствоның ресми өкілі жұмысын атқару кезінде вирус жұқтырған немесе індеттен қайтыс болған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу тетігі Үкіметте қаралатыны туралы айтты.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов: "Еліміздегі еңбек ұжымдарында коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. Бұл алаңдатарлық жайт. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ақпараттық жүйелерді есепке алу бойынша қарқынды жұмыс істеп келеді. Түскен өтініштердің 70% төлем жасалды. Қосымша ақпарат келесі аптада толықтырылады" деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации