«СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды

14 тамыз, 18:47

Фото: ғаламтордан

«СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Алматы, NEGE. ТЖ кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша «СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы Басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды.

«14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации