Шұғыл! Вирус жұқтырған адам Жамбыл облысына барған

21 наурыз, 15:37

Фото: nege.kz

Сүтпісірім уақыт бұрын Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бауыржан Ербозымұлы Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған адамға байланысты шұғыл брифинг өткізді.

Алматы, NEGE. Бауыржан Ысқақтың айтуынша, вирус жұқтырған азамат жөтел қысып, кеуде тұсы ауырған соң Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы емханаға өзі келген. Ол Сауд Арабиясынан Стамбұлға, одан Қырғызстан арқылы елге жетіпті. Жолай оны достары күтіп алған.

Ол Жамбыл облысының Шу ауданындағы бала-шағасына да барып келген. Дерт жұқтыруы мүмкін делінген он бір адам анықталды. Оның төртеуі өзінің отбасы мүшелері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации