Шұғыл! Коронавирустан елде бір адам қайтыс болды
26 наурыз, 20:32

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жаңа ғана шұғыл брифинг өткізіп, бір адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Шұғыл брифингте Абаев: «Өкінішке қарай, коронавирус жұқтырған бір азаматша қайтыс болды. Сондықтан карантин ережелерін сақтаңыздар. Бұл коменданттық сағат емес, бірақ ереже қатаңданады» деп мәлімдеді.