Шу шығарған саударгерлерге уақытша орын берілді

23 ақпан, 18:15

Фото: inform.kz

Жабайы саудамен күрес жүргізген Талдықорған қаласының әкімдігі саудагерлерді ақыры уақытша орынмен қамтыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Мұндай мүмкіндікке саудагерлер тек бір айдан аса уақыттан соң жетті. Себебі, Талдықорған қаласының әкімдігі жаңа базардан орын береміз деп күнде уәде беріп келді.

Бірақ ол базар әлі дайын емес, ондағы жұмыстардың аяқталуына кемінде екі айдай уақыт керек екен және жаңа орын тура қазандықтың түбінде орналасқан. Жеміс-жидек сақтайтын қоймасы да қарастырылмаған жер дайын болғанша, халық Алматы облысы әкімінен уақытша орынмен қамтуды сұрады.

Амандық Баталов жаңа базар дайын болғанша, саудагерлерді уақытша орынмен қамтуды тапсырды. Қазір саудагерлер үшін арнайы орын дайындалды.

«Бірден айтамын, жабайы саудаға жол жоқ. Бірақ жаңа базар дайын болғанша, сіздерді уақытша орынмен қамтиды. Мен де білемін, жабайы саудаға халық жақсы өмірден бармайды. Бәрін түсініп тұрмын. Бірақ сіздер де бізді түсініңіздер. Егер біз қазір жабайы саудамен күрес жүргізбесек, ертең жағдай қиын болады. Түрлі аурулар да осындай жерден шығады», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации