ШҚО-да 82 жастағы қария коронавирус жұқтырған

03 сәуір, 22:20

Фото: ғаламтордан алынды

Шығыс Қазақстанда бүгін коронавирус инфекциясына шалдыққан екі адам тіркелді. Екеуі де Өскемен қаласынан.

Алматы, NEGE. Жұқпалы ауруды жұқтырғандардың бірі 1938-ші жылы туған қария. Дәрігерлер қазір оның жағдайын орташа ауыр дәрежеде деп мәлімдеді. Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша көрсеткіштер елімізде сағат санап өзгеріп жатыр. Бүгін Шығыс Қазақстанда 82 жастағы қариядан қауіпті кесел анықталды. Кейуана қаңтар айында Ресей Федерациясына барып келген екен. 

Сырқат Өскемендегі мына Потанин көшесіндегі 9 қабатты  үйде тұрған. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, ол кісі 1 сәуір күні  денсаулығы нашарлаған соң емханаға өзі барады. Осылайша оған рентгенология жасалып, өкпе қабынуы диагнозі қойылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты пневмонияға шалдыққан науқастарға коронавирус инфекциясы белгілеріне тест жасалады. Сондықтан қариядан талдамалар алынған. Өкінішке қарай оның нәтижесі оң болып шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ілияс Мұхаметжанов: "Тікелей қатынаста болған азамат қазір арнайы карантиндік стационарға жатқызылды. Болжамды контактілер  өз үйінде оқшауланды. Барлық тұрғылықты жерге дезинфекция жасалып, аурухана карантинге жабылды. Барлығы қатынаста болған 198 адам анықталды. Зейнеткермен ең жақын араласқан адамдар карантинге жатқызылды. Қалғандары дәрігелер бақылауында. Ал қариямен ауруханада бір палатада жатқан 4 адам коронавирус инфекциясына тексерілді. Олардың үшеуінің талдамасы теріс нәтиже берді. Ал тағы бірінің анализі әлі зерттелуде" деді.
 Өңірде екінші сәуірден бастап шектеу шаралары енгізіліп Өскеменге 7, Семейге 8 блок пост қойылған болатын. Екі шаһарға кіріп шығатын көлік ағыны қадағалануда. Алтыншы сәуірден бастап шектеулер одан айын күшейтілу керек еді, алайда аймақта инфекция көрсеткішінің өсуімен бұл ерте басталмақ.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации