ШҚО-да 11 қазақстандық пен 4 қытайлық тексеріліп жатыр

24 ақпан, 17:02

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Шығыс Қазақстан облысында арнайы медициналық стационарда 15 адам бақылауда жатыр, – деп хабарлайды облыс әкімінің сайты. 

Алматы, NEGE. Әкімдіктегілердің мәліметінше, олардың бірде-біреуінде коронавирус белгілері анықталған жоқ. Коронавирусқа қарсы іс-әрекет ету мақсатында ШҚО тұрғындары үшін арнайы оқшауланған медициналық стационарлар қарастырылғаны айтылады.

«Қазіргі таңда арнайы медициналық стационарда 15 адам бақылауда жатыр (11 Қазақстан азаматы және 4 ҚХР азаматы). ҚХР-дан облыс аумағына қайтып келетін әрбір Қазақстан азаматын шекарада медицина қызметкерлері тексереді. Егер жөтел, тұмау, дене қызуы және коронавирустың өзге белгілері болмаса, Қазақстан азаматы арнайы медициналық стационарға 14 күн мерзімге бақылауға орналастырылады. Осы кезең өткеннен кейін аурудың қандай да бір белгілері болмаған жағдайда ол азамат стационардан шығарылады», – делінген әкімдіктің сайтында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации