Шымкенттегі науқастың жағдайы туралы айтты

25 наурыз, 01:38

Фото: strategy2050.kz

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірхан Варзилов вирус жұқтырды делінген Шымкенттегі науқастың жағдайы туралы мәлімет берді. 

Алматы, NEGE. «Коронавирус жұқтырған ер адам Шымкент қаласына Нұр-Сұлтаннан автобуспен келген. Науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Онымен байланыста болған адамдар толық оқшауланды. Олардың жағдайы да тұрақты. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ» деді Темірхан Варзилов.

Сондай-ақ, ол Шымкент тұрғындарынан қабылданған барлық шараларды түсіністікпен қарауға шақырды. Әрі жағдайдың бақылауда екенін ескертіп, індет ары қарай тарамайды деп үміттенетінін жеткізді.

Мәліметке қарағанда, вирус жұқтырған адам Шымкентке 20 наурыз күні келген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации