Шымкенттегі екінші адам – алғашқы науқастың анасы

25 наурыз, 18:35

Фото: 365info.kz

25 наурызда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының (COVID-19) екінші жағдайы тіркелген. 1970 жылғы науқастан алынған сараптама оның індет жұқтырғанын көрсеткен.

Алматы, NEGE. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.  

Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.
Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат үшін: Бүгін диагнозы расталған азаматша – кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Алынған сынамалар 25-наурыз күні оның індет жұқтырғанын көрсетті, делінген coronavirus2020.kz сайты таратқан ақпаратта.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации