Шымкентте індеттен бір адам қайтыс болды

30 мамыр, 21:20

Фото: inform.kz

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады www.coronavirus2020.kz сайты.

Алматы, NEGE.  Қайтыс болған адам 1945 жылы туған әйел. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 38 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласы – 6, Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 7, Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Қарағанды облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 2, Түркістан облысы – 1.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации