Шымкентте 16 адам іздестіріліп жатыр

25 наурыз, 17:55

Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған адаммен бірге қоғамдық көлікте отырған 16 жолаушы іздестірілуде.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Коронавирус жұқтырған адам мінген автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылып, карантинге жатқызылды. 16 жолаушы іздестірілуде. Жуық арада олар да анықталып, карантинге жатқызылады» деді Дәурен Абаев.

Шымкентте індет жұқтырған адам туралы ақпар 24 наурыз күні кешкісін тараған. Кейін оның Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан автобуспен келгені анықталды. Қазір ол жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бүгін Шымкентте қауіпті індет жұқтырған екінші адам тіркелді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации