Шымкент маңындағы әскери бөлім басшылығына қатысты салғырттық туралы тағы бір іс қозғалды

25 ақпан, 16:23

Фото: tengrinews.kz

Шымкент маңындағы әскери бөлім басшылығына қатысты салғырттық туралы тағы бір іс қозғалды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «Қазір бізде аталмыш әскери бөлімде күзетте болған әскери жасақтың салғырттығы туралы тағы бір іс қозғалды, (әскери бөлім – ҚазТАГ) басшылығына (қатысты – ҚазТАГ), шын мәнісінде сонша қару-жарақты қалай алып шыққандарын анықтау үшін барлық деректі тағы тексеріп шығу керек.(…) Әскери жасақ пен басшылыққа қатысты жеке құқықтық баға берілетін болады», – деді Тұрғымбаев.

Министр атап өткендей, қару-жарақ әскери бөлімнің қарауыл бөлмесінен ұрланған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации