Шымкент қаласы карантинге жабылады

30 наурыз, 22:47

Фото: ғаламтордан алынды

Шымкент қаласында ертеңнен бастап көліктердің кіріп шығуына тыйым салынады

Алматы, NEGE. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жариялаған үндеуінде бірқатар шектеулер туралы айтып өтті.

«Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Шымкент қаласында індет жұқтырған 2 адам тіркеліп, бір елді мекен карантинге жабылды. Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Біріншіден, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Екіншіден, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперде тағу режімін енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті»,- деді Мұрат Әйтенов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации