Шетпеде екі тұрғыннан коронавирус анықталды

10 сәуір, 14:35

Фото: ғаламтордан алынды

Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының екі тұрғынынан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Екеуі де – 1980 жылы туған әйел адам. Олар осыған дейін Жаңаөзен қаласында вирус анықталған 46 жастағы әйелмен байланыста болған. Осыған орай карантинге алынып, қаны мен ауыз қуысынан алынған сынамаға зертханалық сараптама жасалған болатын. Диагностикалық зерделеу нәтижесінде екеуінің де қауіпті індетті жұқтырғаны расталды. Қазір аудандық ауруханадағы арнайы боксқа оқшауланып, ем шаралары жүргізіліп жатыр.

Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, бақылауға алынды. Індет аумағы залалсыздандырылып жатыр. Айта кетейік, аймақта коронавирус жұқтырғандар саны 9-ға жетті. Оның 5-і Ақтау, 2-і Жаңаөзен қаласында. Соңғы екеуі Шетпе селосында. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации