Шетелде қалып қойған қазақстандықтар өз ақшасына оралады

24 наурыз, 20:13

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Биліктегілер қазақстандық туристерді мемлекет қаражаты есебінен елге жеткізу мәселесін қарастырмайды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. 

Алматы, NEGE. "Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ. Шетелге кеткен туристердің көбінде демалуға ақшасы болды. Үкімет те алдын ала ақшаны қайтару мәселесі туралы ескерткен еді", – деді Ильин ТЖК-да өткен брифингте.

Соңғы ресми деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы 68 науқас тіркелді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации