Шетелде қалған туристерді тасымалдау мемелкет есебінен жүргізілмейді
21 наурыз, 10:21
Шетелде жүрген 5 мың қазақстандық турист елге қайтарылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.
Алматы, NEGE. Оның сөзінше, 23 наурызға дейін 18 рейспен 4 мың қазақстандық оралады. Отандастарымызды тасымалдау мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылмайды.
«Біз шетелде жүрген 5 мыңнан астам қазақстандық туристердің елге оралуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Әлем бойынша рейстердің ауқымды қысқаруы жағдайында оларды чартерлік рейстермен шығару жөнінде шаралар қабылдануда. Тасымалдау мемлекет есебінен жүргізілмейтінін атап өткім келеді», – деді Ералы Тоғжанов.