Шарын шатқалы, Көлсай мен Қайыңды туристер үшін жабылды

17 наурыз, 14:17

Фото: ғаламтордан алынды

Алматы маңайында барлық туристік нысандарға туристік жолдама беру тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева айтты. 

Алматы, NEGE. «Алматы облысының барлық туристік нысандары туристер үшін жабылды.Туристік фирмаларға турпакет сатуды доғаруға ұсыныс берілді.Біздің бұл әрекетімізге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар жақында шешімін табады деп ойлаймыз», - деді Жанар Алшымбаева.

Оның айтуынша, туристік нысандар Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жабық болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации