Сеул-Алматы рейсімен 101 жолаушы келді

03 сәуір, 21:55

Фото: zakon.kz

Бүгін сағат 21:19-да Сеул-Алматы рейсімен 101 жолаушы елге оралды. 

Алматы, NEGE. Бірінші сәуірден бастап Алматы әуежайы жолаушы ұшақтарын қабылдамаса да, Үкімет Инчоннан ұшып шықан әуе көлігінің қонуына рұқсат беруді шешті. Бұл рейспен Таиланд және Жапонияда кідіріп қалған қазақстандықтар да Отанына жете алды. Олар үйіне қайту үшін арнайы Сеулге ұшып келген. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген жерлестеріміз де еліне оралуға ниет білдірді. Өйткені, коронавирус салдарынан көптеген кәсіпорындар жабылған болатын. Оңтүстік Кореяда емделген жерлестеріміз де бұл рейспен үйіне қайтты.

Қолда бар ақпарат бойынша, елге жеткізілгендердің 99-і қазақстандық, біреуі - өзбекстандық, тағы бірі Оңтүстік корея азаматы. 101 жолаушының төртеуі - бала. Бәрі де Аққайыңдағы санаторийге жеткізілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации