Сенат: «Алматы – экологиялық апат аймағы»

12 наурыз, 16:46

Фото: total.kz

Сенаторлар Динар Нүкетаев пен Төлеубек Мұқашев Алматыны «тыныш экологиялық апат аймағы» деп атады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «Алматының экологиялық түйткілдері қазіргі кезде өте өткір мәселеге айналды. Бұл шаһар әлемдегі ең лас қалалардың қатарына жатады. Алматы іс жүзінде тыныш экологиялық апат аймағына айналды» делінген Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.  

Сонымен қатар, сенаторлар заманауи жасыл технологияларды қолдану арқылы Алматыны ластауды азайту шараларын жасауға шақырып отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации