Сейсенбі күні жаңбыр және қар күтіледі

17 наурыз, 10:02

Фото: thelocal.de

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «ҚР басым аумағында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын сақталады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде аздаған жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +3+5, түнде 0 шамасында.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +6+8 шамасында.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +11+13.

Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +20+25, түнде +8+13.

Түркістан облысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз +20+25, түнде +11+16.

Қостанай облысында күндіз тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Түнде қар жауады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +5+10.

Ақмола облысында аздаған жауын-шашын күтіледі. Күндіз 0+5, түнде -3+2.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде қар жаууы мүмкін. Күндіз +1+6, түнде 0-5.

Павлодар облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман және көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз +2+7, түнде -4+1.

Қарағанды облысында тұман, 15-20 м/с жел тұрады, аздаған жауын-шашын күтіледі. Күндіз +3+8 (оңтүстігінде +13), түнде 0+5 (оңтүстігінде -4-9).

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде тұман түседі, түнде аздаған жауын-шашынды. Күндіз +2+7, түнде -2-7.

Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Күндіз +5+10, түнде 0-5.

Атырау облысында түнде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +4+9, түнде 0-5.

Маңғыстау облысында жаңбыр күітледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -3-8.

Қызылорда облысында жауын-шашын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +3+8.

Шығыс Қазақстан облысында тұман күітледі, аздаған жауын-шашынды,15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде мұздың еруі байқаалды. Батысындағы өзендерде мұз жамылғысының әлсіреуі жалғасады, еліміздің қаолған жазықтық аумағындағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации