Сәрсенбіде жаңбыр мен қар

08 сәуір, 10:39

Фото: Belnaviny.by

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым облысында жаңбыр және қар күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. «Атлантикалық циклонның, және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республика бойынша жауын-шашын түседі, кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі, жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстігінде – көктайғақ, шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (жааңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +2+4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 0-5 м/с жел тұрады, екпіні 8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +8+10, күндіз ары қарай төмендей береді.
Шымкентте күн бұлтты, нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде +3+5.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жел тұрады, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз +1+6, түнде -2-7.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауып, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жел тұрады, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз +5+10, түнде 0+5 (батысында -3).
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады (түнде барлық аумақта), кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2 (оңтүстігінде +5), түнде -2-7 (солтүстігінде -10).
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, ертеңгісін және күндіз тұман күтіледі, шаңды дауыл тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0+5 (солтүстігінде -3).
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (оңтүстік-шығысында +13), түнде 0-5 (оңтүстік-шығысында +3).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13 (оңтүстігінде +18), түнде +5+10 (солтүстігінде +2).
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (оңтүстігінде +13), түнде +2+7 (солтүстігінде -1).
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (оңтүстігінде +13), түнде 0-5 (солтүстік-шығысында -8).
Түркістан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, тауларда қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +5+10, түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде -3-8.
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тауларда аздаған қар жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде +6+11.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел күтіледі. Күндіз +7+12, түнде 0-5.
Жамбыл облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тауларда қар күшейеді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +6+11 (солтүстік-шығысында +3), түнде +3+8.
«Алдағы үш тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктемгі су тасқыны ары қарай жалғасады, мұз қату әлсірейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынның болуына байланысты, кей жерлерде қалың жауын-шашынның түсуіне орай су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации