Сәрсенбі күні кей облыстарында ғана жауын-шашын күтіледі

04 наурыз, 11:08

Фото: elligo.ru

Сейсенбі күні Қазақстанның кей облыстарында ғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклоның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстігінде, шығысы мен оңтүстік-шығысында және батысында ғана циклонның ықпалымен кей жерлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), шығысында кей жерлерде қалың қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, ҚР шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу сырма соғады», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1-3, түнде -13-15. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде +6+8.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде +2+4.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу сырма соғады. Күндіз -3+2, түнде -8-13.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу сырма соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -5-10.

Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде –10-15.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -2+3.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде -1-6.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -3-8.

Алматы облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (солтүстігінде 0), түнде -2+3 (солтүстігінде -10).

Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -1+4.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -7-12.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +3), түнде -10-15 (оңтүстігінде -6).

Атырау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +9+14, түнде -3+2.

Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +2+7, түнде -2+3.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ және аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде -11-16.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +8+13, түнде -2+3.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации