Сарбаз 30 автомат, 27 пистолет алып, әскери бөлімнен қашып кеткен

20 ақпан, 13:10

Фото: tengrinews.kz

Түркістан облысының Ордабасы ауданы Бадам елдімекені жанындағы 10/216 әскери бөлімінен Абылай Балғынбай атты 1995 жылы туылған бір сержант қашып, өзімен бірге 30 автомат, 27 пистолет алып кеткен.

Алматы. NEGE. Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерде жолдар жабылып, күшейтілген күзет режиміне көшкен. Оңтүстік Қазақстан облысында әскери дабыл қағылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қашқын аталған ауылдың тумасы болуы мүмкін. «Түнде қашты деп естідік. Көшеде милиция қаптап кетті. Көліктерді, жаяу жүргіншілерді түгел тексеріп жатыр. Үйлерді де тінтуде. Ватсап арқылы «террорлық қауіп бар» деген хабарламалар келіп жатыр», – дейді Бадам елдімекенінің тұрғыны Саида Жарқынбек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации