Сапарбаев: Масаншы ауылындағы мектептердің бірінен бірде-бір «Алтын белгі» иегері шықпаған

23 ақпан, 12:25

Фото: zhambyl.gov.kz

Білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен Бердібек Сапарбаев мектеп директорларын сынға алды.

Алматы, NEGE. Облыс әкімі Масаншы ауылындағы мектептердің бірінен он жыл бойы бірде-бір «Алтын белгі»  немесе «Үздік аттестат» иегері шықпағанын, тек бір ғана түлектің ЖОО-на грантқа қол жеткізгеніне назар аудартты.

Міне, Қордай оқиғаның түпкі себебін осыдан іздеу керек. Бұл сапалы білім мен жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерден алшақтау, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетері сөзсіз.

«Кейінгі кездері мұғалім үшін ең басты мақсат – көп сағат алу. Тезірек сабағын беріп, үйге кетуге асығады. Ал балалардың сапалы білім алуы үшін кім жауапты? Дұрыс тәрбие мен білімге ден қоймаған жеткіншектер түрлі құқық бұзушылықтар жасайды! Біз бұл орайда ұлттық дәстүрлерді, дала философиясын, Абай мен Шәкәрім еңбектерін негізге алу керекпіз», - деді білім беру ардагері Камилаш Ахметова.

Өз кезегінде Ж. Бекбатырова негізгі мәселе ретінде педагогтардың біліктілігінің төмендігін атап өтіп,  сырттай бөлімде оқу оқып, диплом алатындардың жайына назар аудартты. Сонымен қатар, өңірдегі оқу орындарында 100-ден астам мектеп инспекторлары жетіспейтіндігі айтылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации