Сапарбаев әлеуметтік желіге тіркелді

19 ақпан, 12:05

Фото: altaynews.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарабаев Instagram және Facebook желілерінде өз жеке парақшасын ашты.

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының әкімін фейсбуктен Бердібек Сапарбаев деп теру арқылы, instagram-да saparbayev_bm аккаунты бойынша табуға болады. Тексергеніміздей ол Instagram-дағы аккаунтын өшіріп тастаған. 

«Халықпен тиімді кері байланыс орнату – ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашуды жөн көрдім», - деп жазды фейсбуктегі алғашқы жазбасында.

Сонымен қатар өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынына сенімді екенін жеткізді.

«Біздің ортақ мақсатымыз – өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру», - деп жазды Сапарбаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации