«Самұрық-Қазына» қоры Елбасы үндеуін қолдайды  

20 наурыз, 16:56

Фото: sputniknews.kz

«Самұрық-Қазына» қоры министрлік қызметкерлері үшін алты миллион медициналық маскаларды сатып алады. 

Алматы, NEGE. Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі екі миллион маскадан алады. Бұл туралы Премьер-Министр жанындағы дағдарысқа қарсы штаб отырысында Қордың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол жалға берілетін төлемдердің 2020 жылдың 01 маусымына дейін қандай да бір айыппұл санкцияларын есептемей кейінге қалдырылғаны туралы хабарлады. Бұл 2,3 млрд теңге және 37 мыңнан астам адам. 
«Бизнестің қиын кезеңінде бұл оларға жақсы қолдау болады», - деді А. Есімов.

Сондай- ақ, ол Қордың қызметкерлері бір күндік жалақысын Елбасының бастамасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы қорға аударатынын хабарлады.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации