Салық рақымшылығы жалғаса ма?

04 желтоқсан, 09:28

Фото: ғаламтордан

Салықтан рақымшылыққа іліккен қазақстандықтар берешегін өтеді.

Алматы, NEGE. Салықтан рақымшылыққа іліккен қазақстандықтар 7,6 млрд теңге берешегін өтеді. Бас-аяғы 561 мыңға жуық адам өсімпұл төлеуден босатылған. Бұл 875 млн теңге. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ең үлкен қарыз көлік салығы бойынша тіркелген. 614 мың адамның осындай 17 млрд теңге қарызы бар. 778 мың жеке тұлға мүлік салығы үшін 2,3 млрд теңгесін өтемей келген. Бір қызығы, бұл борышкерлердің 66 проценті мемлекетке 1000 теңге қарыз. 33 адамның қарызы 1 млн теңгеден асады. 15 адам жер салығын төлемей, қарызын бір миллион теңгеден асырып алған. Салықтық рақымшылық басталғалы 1,5 млн жеке тұлға 25 млрд теңгесін өтеуге мүмкіндік алды. Оның 20 миллиарды негізгі қарыз. Ал салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации