Сағынтаев ақын-жазушыға грант бөлінетінін айтты

14 ақпан, 15:14

Фото: facebook.com

Биыл Алматыда әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсырылады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда өткен жиын барысында айтты. 

Алматы, NEGE. «Былтыр Жазушылар Одағының 85 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Жергілікті бюджет есебінен 250 млн теңге қаражат бөлініп, Жазушылар Одағының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласында тұратын 150 ақын-жазушы 500 мың теңгелік ақшалай грант сертификаттарымен марапатталған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша Жазушылар Одағының 820 мүшесі болса, оның 360-ы осы Алматы қаласында тұрады екен. Биыл біз әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсыратын боламыз. Бұл тізімді бізге Жазушылар Одағының өзі ұсынып отырады. Бұл мәселе қазір бюджетте нақтыланып жатыр», – деді Бақытжан Сағынтаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации