Ресейде коронавирустан екі адам қайтыс болды
26 наурыз, 08:30
Мәскеуде короонавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Індеттен көз жұмған науқастардың жасы 88-де және 73-те болған.
Олардан пневмония анықталған. Жедел штабтың мәліметінше, қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар емделу режимін барынша қатаң ұстанғаны жөн.
Қазіргі уақытта Ресейде 658 адам COVID-19 жұқтырып, 29 науқас айығып шықты.