Ресей Қазақстанға 2 миллион доллар бөлді

07 шілде, 17:48

Фото: ғаламтордан

Ресей үкіметі жаңа коронавирус инфекциясымен күресуге Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде 150 миллионнан астам рубль немесе 2,079 миллион доллар бөлді.

Aлматы, NEGE. Қаражат дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға жұмсалады.

"2020 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының халқына жаңа коронавирус инфекциясымен күресуге шұғыл гуманитарлық көмек көрсету мақсатында: РФ үкіметінің резерв қорынан 2020 жылы 150 миллион рубль көлемінде бюджет қаражаты бөлінсін", - делінген ел премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған қаулыда.  

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігіне дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныс құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және Қазақстанға жеткізу тапсырылды. Сондай-ақ бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылап, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін есеп береді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации