Рахмет саған, дәрігер!

29 наурыз, 19:37

Фото: nege.kz

Карантин кезінде еңбек майданында жүрген медицина мамандарының жоғарыдағы суреттері редакцияға келіп түсті. 

Алматы, NEGE. Қазір отандық БАҚ пен әлеуметтік желіде дәрігерлерге қолдау ретінде әртүрлі бастама көтеріп жатқандар көп. Қиын шақта қатерге басын тіккендер еңбегін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да елеп-ескеріп, қаржылай көмек көрсетілетінін айтты. Әуелден «ақ халатты абзал жан» деп ардақтап келсек те, қазір олардың қадірін шынайы ұғынғандай болдық.

Әр саланың қиындығы мен қызығы бар десек, өмір мен өлім арасындағы қызметке бас тігу үшін үлкен жүрек керек. Шеттегі дәрігерлердің тәж-тажалмен күресте, дерт жұқтырып қаза болып жатқанын ашық дереккөзден оқып жүрміз. Бұл ретте отандық мамандарға қолдау білдіріп, олардың еңбегін біз айтпасақ, кім айтады?!

Дәл қазір әлемде 145 625 адам емделіп шықты, 679 799 адам вируспен күресіп жатыр. Қанша дәрігер олардың қас-қабағын бағып жүргенін ескеріңіз, науқас жандар жат болса да жақынына айналып кеткені анық. Адамзат баласының тәні мен жанының емшісі дәрігерлерге мың алғыс!

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации