Президент өлім жазасынан бас тартуға түсінік берді news video

25 қыркүйек, 18:13

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді.

Алматы, NEGE. «Бірнеше күн бұрын Қазақстан өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын Екінші факультативті хаттамаға қосылды. Бұл, Конституцияға толығымен сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізуді қажет етпейді. Себебі, өлім жазасына кезінде ҚР Тұңғыш Президенті жариялаған мараториймен тыйым салынған. Сондықтан өлім жазасы біздің елімізде жоқ. Конституцияда белгіленген екі жағдай ғана бар және ол толығымен Факультативті хаттамаға сәйкес келеді», – деді Мемлекет басшысы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации