Польшадан 200-ден астам қазақстандық оралды 

24 наурыз, 10:25

Фото: inform.kz

200-ден астам қазақстандық Польшадан үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. «Бүгін, коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді», делінген хабарламада.

Польша билігі енгізген режім мен шекараның жабылуына қарамастан, Варшавадағы ҚР Елшілігінің күшімен қазақстандық жолаушыларды отанымызға қайтару туралы келісімге қол жеткізілген. «Дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды.

Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер. Күндіз-түні еңбек етіп, денсаулығына төніп тұрған қатерге қарамастан отандастарын рухани төзімділіктің үлгісімен сергіткені үшін біздің Варшавадағы әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз» делінген хабарламада.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации