Полицейлер жатақханаға орналастырылды

27 наурыз, 10:33

Фото: polisia.kz.

700-ге жуық полиция қызметкері карантин кезеңінде Алматы қаласының жатақханаларына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Карантиндік режимге байланысты вирус таралмас үшін қаладан тыс жерде тұратын Полиция департаментінің қызметкерлері уақытша жатақханаларға жайғасады. 

«Біздің қаламыз карантин режимінде болғандықтан, кез келген тұрғын жұқпалы аурудың қоздырғышы бола алады. Төтенше жағдайда құқық қорғау жүйесінің жұмысы күшейіп, полиция қызметкерлерінің халықпен байланысы – жұмыстың ажырамас бөлігі. Полиция жұмысының ерекшелігіне байланысты қаланың сыртында тұратын тәртіп сақшыларын уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Мемлекет есебінен біздің қызметкерлерге барлық жағдай жасалды. Карантин кезінде Алматының барлық полиция қызметкерлері казармалық режимде – қалада болады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Абдуали Нашарбеков. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации