Павлодарда науқас қайтыс болған аурухана карантинге жабылды

10 сәуір, 12:35

Фото: ғаламтордан алынды

Павлодарда коронавирустан қайтыс болған науқас жатқан аурухана карантинге жабылды.

Алматы, NEGE. Павлодарда №1 қалалық аурухана карантинге жабылды. Ол ауруханада қайтыс болған ер адам жатқан болатын. 

"Павлодардың бас санитар дәрігері №1 қалалық аурухананы карантинге жабу туралы қаулы қабылдады. Енді мұнда ем алып жатқан науқастарды шығаруға және жаңа науқастарды қабылдауға тыйым салынып, қызметкерлердің қозғалысы шектеу қойылады", - деді Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Замзагүл Дощанова.

Сондай-ақ, ол аурухана маңында екі үйдің де карантинге жабылғанын айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында Дощанова коронавирустан қайтыс болған науқастың бірнеше ауруы болғанын айтқан еді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации