Павлодар облысында 5 адам карантинде жатыр

05 наурыз, 16:04

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Әлемді жайлап бара жатқан коронавирус індеті басылар емес. Тап қазір біздің мемлекет те сақтық шараларына шындап кірісуге көшті. Ал бүгін Павлодар облысында да коронавирусқа қарсы шаралар бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Алматы, NEGE. Облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов бірер күн бұрын өңірде стационарлық көмек көрсету бойынша дайындық шарасын пысықтағанын жеткізді.

«Павлодар өңірінде жағдай жіті бақылауда. Қазіргі кезде медициналық қызметкерлер мен мамандар 5 тұрғынды оқшаулады. Оның үшеуі – Ақсу қаласының, екеуі – Павлодар қаласының тұрғыны. Үлкені – 54 жаста, ең жасы – 22-де. Бес адамнан бөлек олармен қарым-қатынаста болған тағы бес адам да бақылауға алынды. Оның ішінде екі бала бар. Олар Дубайға қыдырып барған. Өңірге 4 наурыз күні келгенде-ақ оқшаулап, карантинге 14 күнге жатқызылды. Қазір 150 орын дайын тұр. Әзірге жағдайы бірқалыпты, ешқандай аурудың белгісі жоқ.  Әлі де анализ алып, тексереміз. Лабораториялық зерттеу жүргізетін медициналық құралдар жеткілікті. Егер коронавирус анықталса, емдеуге көшеміз. Отбасы мүшелері де үйде қадағаланады» деді.

«Елге келген 5 азаматта коронавирустың белгісі жоқ. Бірақ оларды оқшаулау міндетіміз» дейді Сәдуақас Байғабылов. Алайда, өңірде мерекелік, спорттық шараларды атап өтуге тыйым салынбаған. Бәрі де өңірдегі ахуалға байланысты дейді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации