Павлодар экологиясы қайтсе жақсарады?

14 ақпан, 19:26

Фото: facebook.com

Павлодар облысының әкімі әкімі Әбілқайыр Ысқақов халыққа есеп берді. Адамзатқа ортақ мәселеге айналға экология тақырыбы Павлодарды да айналып өткен жоқ. Әкім облыстағы экологиялық мәселені шешудің екі тәсілін атады.

Алматы, NEGE. «Негізгі мәселе – ластаушы заттардың мөлшері. 2019 жылы ол 717 мың тоннаны құраған, бұл ел ішіндегі Павлодар облысының антирекорды», – деді Әбілқайыр Ысқақов.

«Біріншісі – ең озық қолжетімді технологияларды енгізу. Еуропада осы тәжірибе қоқыстарды 94 пайызға қысқартты, біз де сондай жетістікке жетуге тырысамыз. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізген мекемелер қоршаған ортаға эмиссия төлеуден босатылады; енгізбегендердің мөлшерлемесі арта береді. Жақында жаңа Экологиялық кодекс шығады: Экология министрлігі ең озық қолжетімді технологияларды бірінші болып енгізетін топ-50 компанияны іріктеп алды, олардың қатарында – облысымыздағы өнеркәсіп мекемелері бар» – деді әкім.

Оның айтуынша, өнеркәсіп мекемелерімен бірлесіп аудандағы қоқыс көлемін қысқартуға барлық мүмкіндік қарастырылған.

«Екінші тәсілі – көгалдандыру. Табиғат пайдаланушылары өздерінің санитарлық зоналарын қажетті нормаға дейін көгалдандыруы қажет. Аудандағы 16 ірі мекеме он пайыз жерді де көгалдандырмайды! Бұл экологиялық мәдениеттің төмен екендігін көрсетеді», – деп атап өтті Ә. Ысқақов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации