Пара алған полицейге 3 млн теңге айыппұл салынды

19 наурыз, 13:14

Фото: inform.kz

Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін ШҚО полиция департаменті патруль полициясы батальонының аға инспекторы сотталды.

Алматы, NEGE. «Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін сондағы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны И.А. Курбаевқа қатысты қылмыстық өндірісті аяқтаған еді. Ол Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 596-бабы 3-бөлігі бойынша ұсталған адамды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін одан 100 000 теңге пара алғаны үшін күдікті болды», – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров агенттіктің онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен И.А. Курбаевқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Курбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации